Posted in

ҚЫРЫҚ СІДІК

Аралас-құралас. * Саяси-экономикалық анархия төбе көрсетуде. Қырық ру, қырық сідік ұлттық қойыртпақ тайраңдауда. Не боларын бір Тəңірім білсін… А.Сейд. ~ Жайсаңдыққа жұғыспас, Жалаң бұттың сылтауы. Қырық сідік қосылса, Таусылмайды бұлтаңы… М.Байж. ~ Ежелден қаным менің қырық сідік, Намысым, намым менің – Түрікшілік! Көктейін көктем сайын Байтеректей, Кетпейін қу томардай іріп-шіріп… И.Сап. ~ Түрмеге түскеннен кейін общаг дегенде тұрды. Алты адам бір бөлмеде. Араларында Пахан деген бар. Әкесі қазақ, шешесі орыс, нағашы апасы неміс, ар жағы тағы біреу, қырық сідіктен біткен біреу. «Осылардың барлығы мені жек көреді, мен де олардың бәрін жек көремін» деп отырады. Н.Дәу. ~ Комбинатор ұлтын ешқашан ешкімге айтпайтын-ды. Ұсқыны кімге келіңкіресе, сол бола салатын. Рас, ол арғы тегін білетін еді, алайда одан бері қараған жерде қырық сідік, қанында құрлықтағы бірталай жұрттың тамшысы бар. Н.Дәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *