Posted in

ҚЫРЫҚ ТЕМІРДІҢ ҚЫЛАУЫ

Әр жерден, ойдан-қырдан жиналып, топтасқан, бас құраған д.м. ~ Қырық темірдің қылауынан жиналған сансыз қол, ішінде бұрынғы солдат та,  қаланың мешжаны да, берже байшы да, кәсібінен айрылған саудагер де,  алыпсатар да бар. Ж.Айм. ~ Бүгінгі Монғолия кезінде Тибет жақтан ауып келген жалдамалы көшпенділер еді. Қырық темірдің қылауынан жиналған, ортақ тілі жоқ, бірін-бірі түсінбейтін әртүрлі тайпалардың жұрнағынан тұратын құрама болатын. Қ.Ысқ. * Қырық темірдің қылауындай құралып, қытымыр өмірдің қыспағына шыққан қырық үй кедейлердің бақтары жанып, тастары өрге домалап, тірліктерін жандандырудың әлегіне құлшына кірісіп кеткен екен. Б.Жұм. ~ Маңайыңа Диқанбай секілді кірмені, қырық темірдің қылауындай қайдағы- жайдағыны жинап алдың деп, көзіне айтуға бат-паса да, сыртынан үнемі қыжыртып жүретіні несі? Қ.Жұм. * Бәрін айт та бірін айт, жаны жаннатта болғыр Күн сипатты сәруардың заманында Бозақия жері пейіш бағына айналды. Қырық темірдің қылауы болса да халқы бөлініп-жарылуды білмейтін, ынтымағы жарасқан, ұйтқысы берік. Жүзден астам ұлт пен ұлыс бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүрді. Т.Сәу. ~ Қырық темірдің қылауы. Қырқысқан халық. Кемпірлер жүр ғой қоярдай жыртыстан қалып. Шіретті көрсе өңмеңдеп, ержеңдеседі, Қайтсін-ай байқұс, заманы тұр қыстап анық. Ә.Ыб. ~ Төлеңгіт  –  қазақ  қоғамының  айрықша  бір  тобы. Түпкі  тегі  ежелгі  ғұндар  мен  түркілер  теле  руынан телеңгіттен  шығып,  солай  аталғанымен  басқа  жақтан бас  сауғалап  керейдің  қолтығына  тығылған,  олжаланған тұтқын  қалмақ  я  сатылып,  «шаңыраққа  мінгізіліп»  келген қара  нәсілді  құлдардан,  немесе  кедейленіп  күнкөріс  үшін басыбайлы  болған  жалшылардан  құралған  топ,  қырық темірдің  қылауы. Ш.Рах.

  1. Көлденең бiреуден туған бала туралы. ~ Алпыс алты атасына, жетпіс жеті шешесіне адамдық бітпеген, арғы тегі қырық темірдің құрауынан пайда болған қу шұнақ шата неме мынау сап-сары ала мол дүниені о баста қара көрттің пышақтай арқасына қоңын ойдырып, қыл арқанмен шандып байлаулы келгенде қол-аяғындағы шынжыр бұғаумен бірге арқалап әкелгендей қаралай қорып бітеді. Ә.Кек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *