Posted in

ҚЫҢҚ ЕТПЕДІ

Міз бақпады, көңіл аударған жоқ, түк болмағандай болды. * Мағжанның жыртысын жыртпақ түгiлi бұл жазғандар кешегi Желтоқсан уақиғасы тұсында ар-намысын таптап, жетiм күшiктей қыңсылатып көкiрегiнен тепкенде де қыңқ етуге жарамаған жоқ па; сын сағатта пенделiк қырыс қабақ кикiлжiңдi жиып тастап, тастүйiн жұмылудың орнына тырағайлап әрқайсысы әр төбеге қашты. Т.Сәу. * Шып – шып шыққан қан алақандай жерге ұйып қалды. Шалың қыңқ еткен жоқ. C.Смат. * Бір жәшік араққа қыңқ етпеген Мешел “варцихенің” бағасын естігенде аза бойы тік тұрды. Қ.Ысқ.

ҚЫҢҚ ЕТКІЗБЕДІ

Жылатпады, көңілін таба білді. * Зейнеп сүті аз және тез суалатын әйел екен. Балалары кішкене күнінен асқа қарайды. Солардың не ішу, не жеу қыбын Күнтай ғана тауып, ешқайсысын қыңқ еткізбеген. С.Мұқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *