ҚЫҢҒАН (ДА) ЖОҚ Міз бақпады. ~ Желінбет полковник: “Әй, иттің баласы, түс бері!”, деп айғай салды. Дарбызбек оған қыңған да жоқ, Лениннің азаннан бергі түкірігі қатып, әр-әр жері бүртік-бүртікке айналған басына қақырып тұрып, былш-былш еткізді. Н.Дәу. ~ Оның айыптағандай даусын көтере, екпіндеп сөйлегеніне Ерік қыңған жоқ. Қайта күлімдей түсті. Б.Ыб. ~ — Айт, айт, айт-ай! – деп ышқына айқай салды. Кездiгiн қалтасына сала бердi де, жанындағы шоқ жыңғылдың жуан бiр түбiн қайыра бұрап, қопара жұлып алды да, тұра ұмтылды. Қос қасқыр қыңған жоқ. Бiрi ұлып, бiрi топырақ шашудан танбады. П.Дүйс. ~ Біраздан соң емініп, Көздерімен ішіп-жеп, Қадалса да қыңған жоқ, Қатын балуан Ораңқы Құшақтап өскен қылышты, Қаптап келген ерлермен Қайқайтып салған ұрысты! Б.Әлімж. (“Манас”)
