Селт етпеді, түк болмағандай кейіп танытты. ~ Жұмысшыны табандатып бүртөкел қылып, «əріставайт» етіп қалаға жөнелтті. «Төренің» беті жаман болған соң, қалған ел қың еткен жоқ. Ж.Айм. ~ Торғын қытығы келгендей шошаң-шошаң етіп мәз боп күліп, Бәзікенді арқасынан түйгіштеп ұра бастады. Бірақ оған қың еткен Бәзікен жоқ. С.Мұр. ~ Әбіш ата мені тірідей пісіріп жатты. − Өй, айналайын, Мұртаза інімнің тұяғы. Батыр ғой, жылаған жоқ-ей, қың демеді ғой, ой, азамат! – деп қояды. Ш.Мұр. ~ Абакир тас түйіндей қасарысып, тракторды тастақ жерге де салады, соқа сонда бороздадан секіріп шығып, тістері тасқа шақылдап тигенде, жарқ–жұрқ етіп от шығады, селкілдеген соқадан мен ұшып түсе жаздаймын. Сонда да қың демедім. Ш.Айт.
