Бір айтқанын сан қайталап, мезі қылды; зар қақты. ~ Елуден асқанда көрген кенжем еді. Ең болмаса, медет болар артында тұяқ қалмады-ау! – деді күрсініп. – Былтыр, әйтеуір мектепте оқып жүрген жоқсың, үйленіп ал дедім құдайдың зарын қылып. Т.Сәу. ~ Қолтықтан бастамаңдар деп құдайдың зарын қылдым, ана шығанаққа жақындап қазғанда, осы төңіректе су алмаған жер қалмас еді, – деп білгішсінді. Т.Әбд. ~ Баяғыда: «Тескен тау өтіп кет, бірақ бір жапырақ қағазға жөніңді жазып кетші», — деп құдайдың зарын айтушы еді. Ол күнге, міне, қолы жетті. Тескен тауға да өтіпті, қағазын да қалдырыпты. М.Қаб.
