Posted in

ҚҰДАЙДЫҢ РАХАТЫ

Жаның жай табатын, ләззат алатын жағдай туралы. ~ Тұтқынның басын кесіп алу немесе оның зәресін зәр түбіне жіберу үшін басқа бір кез келген жаза деген құдайдың рақаты ғой. Дүниедегі жаза біткеннің сұмдығы адамды ақыл-есінен айыру да. Ш.Айт. ~ Күтпеген жерден су тасып, тас домалап жататыны да болады. Ал, енді көтеріліп алған соң Құдайдың рахаты осында. Әрине, аспандағы пейішті көріп келген ешкім жоқ, тек айтумен ғана біледі. Е.Әлім. ~ –Құдайдың рахаты, – дейді ол біздің цифрландыру тиімділігіне орай қойған сұрағымызға. – Үйде отырып, қырманның басында қандай жұмыс жүріп жатқанын бақылай аламыз, іші-сыртында бейнекамералар ілулі тұр. БАҚ (“ЕҚ”)

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *