Posted in

ҚҰДАЙДЫҢ САЛҒАНЫН КӨРДІ

Тағдырдың жазғанына, пешенесіне бұйырғанына мойынсұнды. ~ Бір күні балалардың ойнағанына бүйірім қызып, төңбекшіп ұйқым келмей, не де болса, құдайдың салғанын керермін деп, тұра сала ойынға мен де бардым. Ж.Айм. ~ Өзінен берер нәрсе жоқ болған соң, Сасқаннан Мұхаммедке алып келді. Құдайдың салғанына көніп келді, Енгенде Мұхаммедке күліп келді. М.Ж.Көп. ~ Сол-ақ екен Анажар өксіп-өксіп жылап жіберді. «Құдайдың салғанын көтере білу керек» деді бұл әйелдің жақында ғана жалғыз қызын жерлегенінен хабары бар қабірхана иесі. Е.Әлім. ~ Тәңiрдiң сорлатқанда тап келгенi, ащылы жердiң сортаңындай жұғымсыз кебiрi. Жаны қаламаса да құдайдың салғанына көнген, Айбегi бар. Ә.Ыб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *