Posted in

ҚҰДАЙЫ КӨРШІ (ҚОҢСЫ)

Тағдырлас, жақын болып кеткен ежелгі көрші. ~ Біздің үйдің қарсысында Сексенбай қарт тұрады ғой. Құдайы көршім… Сен оны білесің. Айжан, екі баласы да шофер. Өзі өткен жылы дүние салды. М.Сүн. ~ Бойдақтар бой жетіп қалған қызы бар Қабылдың үйін төңіректейді. Сақар мен Түгел ішек– қарны араласып жатқан құдайы көрші. Ү.Жәл. ~ Оған басқалар емес, іштей Әйтеке таң болды — ет бауыр жақын емес, қимас сырлас емес, бір таба нанды бөліп жеп, терлеп– тепшіп отырып бірге шәй ішкен құдайы қоңсы емес, ебіл– дебілі шығуы– ай мына Ұлтарақтың… Қ.Түм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *