Таныс болмаса да, жолы түсіп, қонақ болған жолаушы. ~ Саптамасын тартып киген шал тонын түймелеп, белбеуін байлады.— Ал бәйбішенің көзінше саған айтар, ұқсаң тілегім, ұқпасаң кесімім мынау: сен бізге құдайы қонақсың. М.Қаб. ~ Отырғандар сілтідей тынды. Бекбауылдың түсі бұзылыпты, көзімен жер шұқиды. Қожа жолы үлкен. Бірақ, қазақ құдайы қонақты одан кем сыйламайды… З.Шүк. ~ Сақанның қарындасы домаланған толық әйел: ─Қарақтарым үйге түсіңдер, құдайы қонақ болыңдар, – деп жік–жапар болды. Т.Әбд.
