Posted in

ҚҰДАЙҒА КҮПІР БОЛДЫ

Мойынына күнә арту; дін сөзіне қарсы әрекетке бару. ~ Оған мен неге қажет болдым екен? — деді Монте-Кристо. — Оллаһи, білмеймін, бірақ сізбен сөйлескісі келеді.
— Ол жігіт маған қайтадан тіл тигізіп, құдайға күпір болып жүрмесін, соны айт! — деді Монте-Кристо. А.Дюма. * Мұның бұл сөзін әлдеқалай құлағы шалған ауыл молдасы: «Тәйт әрі, құдайға күпір болмай, малдың аруағы болушы ма еді?» –деп пәлеге қала жаздаған. С.Баяз. ~ Өйтіп, құдайға күпір болма, Максуда байсалды адам. Иосиф Татаевич. Әрине, сендерге солай. Кісі қатыны қыздай көрінетін әдеті емес пе. Ш.Айт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *