Оңбаған, жексұрын, Алланың қарғысына қалған, аруақ соққан. ~ Қаптесер келіп айтты Көртышқанға: «Бір хабар шашылып тұр жер-жаһанға. Күн туып біздерге де көз ашқандай, Жем бопты Мысық залым Арыстанға. Тыныштық бермеуші еді, Құдай ұрған, Жазасын тартпасын ба ол дұшпан да?!». А.Байт. ~ Қасында он шақты құдай ұрғандар бар, бастығы Нұрым Қамарды түндікке орап алып, әруақ-құдайға жалбарынып, зияратқа барды… С.Тор.
