Тойымсыз нәпсі. * Ол қырсықты біреу шүршіттен, біреу халқа маңғұлдарынан, біреу қазақтардан, біреу теріскейден тіміскілеп тыным таптырмай бастаған орыс әкімдерінің шолғыншыларынан, ал біреулер, бәрін де қойып, қанша өріске айдасаң да, шөпектеп жүріп тоюды білмейтін құзғын құрсақ қошақандардың өздерінен көрді. Ә.Кек. ~ Қарғуын қарғығанмен көзі атыздай болды. Ордың түбі андыздап тұрған көп істік найза. Қазір-ақ біреуі мұның талай-талай тоқтыторымның обалына қалған құзғын құрсағын жайратып жарып түсетіндей. Ә.Кек. ~ Солай екен… Темірдей тәртіп жоқ жерде көп жұрттың да, тіске ілінер шөп көрінсе, қуалай жүгірген құзғын құрсақ мал да бір екен. Ә.Кек.
