Таң атып келе жатқан мезгіл; құлқын сәрі. ~ Алғашқы түскен ақша қардың желігімен желпініп алған аңшылар құзғын сәріде төсектен тұрысып, аттарын ерттесіп, қансонарға аттанғалы, түн ортасынан қайнатылған мыс тоғаны ортаға алып, дала дастарқанына енді отыра бергенде, тасырлап қоя берген ат дүбірі оларды дүрк өргізген. Ғ.Біл. ~ Құзғын сәрі болсада жанға жайлы ақ, Құюшы еді мезгілім таңда май бақ. Ертеменен асығып сүзген құртты, Төгіп кетіп жүруші ем аңдамай қап. Қ.Құрм.
