Біреуге (бірдеңеге) тәуелді болды, ықпалында кетті. ~ … Досмағанбет Ә. қаласындағы темір торлы терезеге жыл жарымдай телміріп, содан соң түсінде көрмеген тундраның ақ қар, көк мұзынан бір-ақ шыққан. Ботадай боздап, бордай тозған тірліктің құйрығына байланғандар мұнда аз емес көрінді. Н.Дәу. ~ Түптің түбінде бұл саған тимегенде кімге тимек? Мал дәрігерінің аузы майланды. Ал сен ішпей-жемей басқа біреудің құйрығына байланып бара жатырсың. Ұ.Досп.
