Posted in

ҚҰЙРЫҒЫН ШАНШЫДЫ

Ойнақшыды, асыр салды, тулады. ~ Біраздан соң құлын, тайы бар бір үйір құлан келді, айғыры алдында басын
тікшитіп, құйрығын шаншып, осқырынып өзгелері таңданып қарап тұрды-тұрды да, олар шауып жөнелді. А.Байт. * Бағанағы шағыр атты да қым-қиғаш қарбаластың ішінде жолдастарына мінгесіп үлгерген екен. Тек ең соңғы жығылған кісісіне олар қарай алмап еді. Көк ат иесін қалдырған бетте құйрығын шаншып, шығандап бір далаға жалғыз кеткен. М.Әу. ~ Ақбөрте құлын ойнап тұр. Ақ қулыққа асыла. Еспенбетке ұнады Ақбөртенің келімі, Құйрығын шаншып алды да, Үш айналды желіні. Дулат Баб. ~ Қүнше күркіреген айғырдың тегеурінді кісінесі бойын кернеген құмарлық аңсарды одан әрмен қоздырғанда, құйрығын шаншылтып алып, шаба жөнелуге бар. Бірақ оған дәрменсіз. Ө.Кәр.

  1. Алда кетті, жерге отырғызды. * Менің шабындығымды алған зорлықшыл қолды Нұрымжанның шеңгелі емес дей аласың ба? Ұялы қасқырдың ортасына келдің. Ұйыққа құйрығыңды шаншып кетіп жүрмесін, бауырым. К.Сег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *