Posted in

ҚҰЙРЫҒЫН МАЙЛАДЫ

Жаңа алған атының құрметіне жолдас-жорандарын, жақындарын сыйлап жіберді, ас берді, “жуды”. ~ Бірақ халдайдың қолқасы көп күттіретін, тым алыстағы нәрсе емес екен. Басқалар атқа мініп жатқанда, екеуі қара жорғаның «құйрығын майлау» үшін ішке қайта кірген. Бұлар төргі үйде бір– бір тостаған қытай шарабын тартып жіберген соң, Дохалдай бұрыштағы темір сандықтан су жаңа алтыатар наган алып, Ысқақтың қолына ұстатты. Қ.Жұм. ~ Айғырды 300 сомға Неғметжан алды. Сатып алған жылқының «құйрығын майлау» әдеті бар. — Ал, Балуан, – деді Неғметжан сол әдетпен, – бір тоқтының еті біздің шатырдың алдында асулы тұр еді, бүгін соны жейік. Өз сыбағаң басқа. C.Мұқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *