Тайқақтады, сырт берді. ~ Бақтығұл үндемеді. Бірақ таң қалды. “Болыс әлденені сылтау қылып құйрығын сыртқа салғысы келе ме? Жоқ, жұртқа көз қылып, отыр ма? М.Әу. ~ − Менің айтқаныма Нұртай бәрібір көнбейді,- деген мана Сәмет маған,- шақырып алып, сыпайылап өзің сөйлес. Құйрығын сыртқа салып, қарыса берсе, онысын көрерсің. С.Ом. ~ Таң атқан соң ат ерттеліп қонақтар жүрмек болды. Досай Ыдырыстан «бұйымтайың не?» деп те сұраған жоқ, өзі бүркітін жемдеп, ауылдың балаларына, жалшыларына ақырып, жаратып отырған бәйге аттарын суартып, шаруаның адамсып, құйрығын сыртқа сала бастады. І.Жанс. ~ ~ Досайдың «үйіме ит келді-ау, кісі келді-ау», демей жерін жеп алған соң құйрығын сыртқа салуы — Ыдырыстың көңілін ит тонағандай қылды. І.Жанс.
