Тыным таппады, бір сәт те дем алмады. ~ Құдайдың құтты күні, ертеңнен қара кешке дейін Тоқтасынның құйрығы жер иіскемейді, шаруаның қамы… Қ.Ысқ. ~ Жарты жолдан ауса да «сізге қанша төлеймін» деп құйрығы жер иіскемей шошаңдаса не дейсіз. Отырысы нық, мығым. Қ.Жиен. ~ Үй мен малға қарайды. Баласы ат жалынан тартып мінгенше құйрығы жер иіскемейді. Сақтаптың өз қолы өз аузына жеткенін көрген соң кескен теректей бір– ақ құлайды. Ә.Кек. ~ Әшиінде от ала келгендей тызақтап құйрығы жер иіскемейтін қатын отырып алды осы арада жалпиып. М.Қан. ~ Айналайындар-ау, қазақ емессіңдер ме, тым құрымаса құйрықтарыңды жер иіскетсеңдерші, бұларың қалай, – деп Малжан жігіттерді отырғыза алмаған соң, маған бұрылды. С.Жүн.
