Posted in

ҚҰЙРЫҒЫ (КӨТІ) ҚОНЫС ТАППАДЫ

Бір орынға тұрақтамады. * … мазамды ала берген соң, құйрығым қоныс таппай, Сырымбет қайдасың деп тартып бердім. С.Жүн. * Сәйдәлінің құйрыққа қоныс таптырмайтын тынышсыздығынан сол жүрген жеріңнің өзі қайырлы болып шықпаса не қылсын?! Ғ.Біл. * Астанаға келген соң да құйрығымыз қоныс таппай – үш жерге көшіп үлгердік. Д.Досж. * Ауылда әкесі ұрысса ұрысқандай көті қоныс таппай, ұшып-қонып жүретін жеңілтек Әзім астанаға келген күннен бастап біреу өзіне тиым салғандай көрер көзге өзгеріп, салауатты бола қалды. Ә.Нұрп. * Бәкизатқа салса, көті қоныс таппай ұшып-қонған қылжақбас Әзімнен гөрі, … мырғам Әзім ұнады. Ә.Нұрп.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *