Posted in

ҚҰЙЫНДАЙ ЗЫМЫРАДЫ (ЗУЛАДЫ, ЗАУЛАДЫ)

Асқан жылдамдықпен шапты (қозғалды, көзден ғайып болды). ~ Володя құйындай зымырап көзден ғайып болды. С.Ом. ~ «Жоқ, мені тастап кете алмайсың, – дедім мен оған. – Секіреміз, құласақ бірге кетеміз!» Ат көнді. Содан кейін құйындай зымырап келді де, садақтың оғындай созылып, бөгеттің үстінен қалқыды. Ә.Нұрш.~ Жігіттер қанат жайып қаптай алмады, түйдектеліп қақ жарылды. Дәрмен бастаған жақ жалтаңға шығысымен құйындай зулап, сатырлатып шауып кетті. Ж.Айм. ~ Манадан бері басын дамылсыз шұлғып, көңілдене кісіней, құйындай заулап келе жатқан тор бие де кенет осқырынып қоя берді. Ә.Сәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *