Елсіз жатқан ен дала, құла дүз. ~ Сол бізді апармақ Қосүйеңкі дегені құйын жортқан қу дала ғой. Ондағы бес-алты үй Қарабай бетіне қараған жалғыз бұлақ қайсымызға жетеді деп күйінемін. Д.Досж. ~ Ақын дос келіп қалған Атыраудан,Бастады таңданысын «бәтір-аудан»- Өзенін Өзеніңнің көрмей тұрмын, Шаңытып құйын жортқан жатыр-ау маң. Р.Оңғ. ~ Жаздың шіліңгір ыстығында, қыстың қақаған боранында, күздің лайсаң қарасуығында құйын жортқан құла түзде мұнай өндіру оңай шаруа емес. БАҚ.
