Жөнсіз жерге килікпе, араласпа, қабаттаспа. * – Әй шал, – деп қалды мұндайда аузы қышып, тұра алмайтын Оспан. – Халық жаурап кетті, қысқартып айт. – Құйысқанға қыстырылма. Астындағы бозжорғаның буы шығар ширыққаның. Сен білгенді – мен де білем. О.Бөк. * Қима шапанның жағасын сығымдаған қолын ерсілі-қарсылы сілкілегенде, ананың басы селкілдеп кетті. – Құйысқанға қыстырылма! Қыстырылма деймін! С.Смат. * Елтай үшін олардың ара-қатынасы жұмбақ, жұмбақ, жұтылдым. Ондайда құйысқанға қыстырылсаң, от басасың. М.Қаб. * – Сен, сен… құйысқанға қыстырылма! Шатағын болмасын бізде! Әйтпесе бар ғой, әйтпесе…– Әйтпесе не істейтінін өзі де білмейді екен, тұтығып, от алмаған трактордай қақалып-шашалып қалды. М.Қаб.
