Қабаттасты, жөнсіз жерге бас сұқты. ~ Бір қызығы, бұрын: «Өй, құйысқанға қыстырылып саған не жоқ, бар жәйіңе» – дегенді жиі естісем, енді мына мінезімді ешкім де ерсі демейтінге ұқсайды. С.Шәй. ~ Әрбір жаңа келген жасыл ызалана: «Бұлардың бәріне не жоқ? Баяғы бір көрсеқызарлық. Қайран қазағым- ай, жандай шауып, құйысқанға қыстырылуың қалмайды- ау. Түсем, түспейімді білмейді»,— дейді күбірлей. М.Сүн. ~ Жүрек қалыптағыдан тез–тез соғады. Құйысқанға қыстырылар алдында өстіп маза қашатын. Атама, құйысқаны құрысын. Кеше түнде қайтып еш құйысқанға қыстырылмаспын деп серт бергемін. Қыстырылсаң бітті, басын, пәлеге қалады. Әлде қыстырыла салайын ба? Бастағы маған бағынбай, сылқылдап бос жүрген бір асау ойлар: «Есің барда араласып қал, аузың барда асап қал!»– деп, түрт, сайтан, түрт десе, еһеу, енді қыстырылмасқа амал жоқ. М.Қаб.
