Posted in

ҚҰЙЫСҚАНҒА ҚЫСТЫРЫЛҒАН НӘЖІСТЕЙ (ТЕЗЕК…)

Кенедей жабысты, араспайтын жерге араласты. * – Солай, отағасы. Құйысқанға қыстырылған нәжістей, жүрген жерімді Итбайдың тіліне ерем деп былғап болып ем, енді осындай бір ерлік істегім келді. С.Мұқ. * У ә л и (тікіленіп). Сұрағанды бермей ешқайда бармайсыз. Азаншы. Беріңіз, бер деген соң! Дамолла (екіленіп). Сенікі не, құйысқанға қыстырылған нәжістей?.. С.Мұқ. * Егер әділеттілік қолынан келмесе құйысқанға қыстырылған тезекке ұқсамай жайына жүрмей ме?! Б.Қыд. * Мұндағы біреу – шоқжұлдыз, біреу-вице, екпінімен қалбақтаған қарапайымды тапап кете жаздайды. Сонда қалай? Құйысқанға қыстырылған тезек пе екем! Д.Досж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *