Posted in

ҚҰЛАН ИЕК

Таң бозарып атқан шақ. * Шырт ұйқыда жатқанда Шырылдайды торғайым. Ұйқыны ашты, оятты. Құлан иек, құлқын сәрі, Құрылып торғын шымылдық, Шырға тартты, таң атты. І.Жан. ~ Шыда, шыда, Шыдай түс, шыда тағы! Шыдамдыны мына өмір ұнатады. Үміттің құлан иек құла таңы Әйтеуір бір атады, бір атады. М.Мақ. ~ Таң ата құлан иек, Қыл шылбырлы, Құлагер қайта-қайта кісінеді. Осылай сәйгүлікке салмақ түсіп, Қырандай құла түзде алмақ па ұшып?! С.Тұрғ.

  1. Сұлу, балғын иек. * Омарғазы Ғазизаның балаша өкпелеп тұрғанына іші жылып қалды. Бір жылда едәуір есейіп, құлан иек қыз болып өсіпті. Б.Тоғ. * Басындағы кестелі кимешегі ақша мандайын сәл бүркегенмен қиғаш қасын, күлім көзін, қыр мұрнын, оймақ ернін, құлан иегін жасыра алмаған. Б.Тоғ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *