Posted in

ҚҰЛАҒЫНА САЛДЫ

Ескертті, әлдебір жағдайға көңілін аударды, құлаққағыс қылып айтты. ~ Боз мұнай бай абдырап, Шаһарына барады, Молла менен ғалымның, Құлағына салады: «Кешегі туған жас бала, Бізді қылды масқара! Емшек берсең, ембейді, Ет берсең де, жемейді. А.Байт. “Ер Сайын”. ~ Әбділда Жақсылықты Кәкімнің тоқалы Ырымгүлге мақтап, ол барып Кәкімнің құлағына салған екен: – Жүре берсін, ақысын кейін сөйлесе жатармыз, – депті Кәкім. Б.Май. ~ Сенен бір өтінішім, бүгінгі менің істеген ерліктерімді реті келгенде ана Арыстановтың, полк командирінің құлағына сал. Т.Ахт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *