Тым қатты естілген ащы дауыс туралы. * «Тек қазақта ғана «Дала төлқұжаты (паспорты)» болады, шырағым. Сенің сонда тіркеуің жоқ екен!»,- деген дауыс құлағын жарып барады. С. Досжан. * Көсем құланның ащы кісінеуін бұйрат қырқалар асқан қыпшақ ұл естіген жоқ, қарғыстай тым ащы дауыс қарсы жолыққан жүз түрікпеннің құлағын жарды. А.Кемелб. * Екі арадағы бұрқ-сарқ тасыған тау өзенінен қарғып өтпек болып кейін шегініп еді, бір дарақы күлкі құлағын жарып жібере жаздады. М.Қаб.
