Нашар естиді. ~ – Ақсақал, бұл бидай қайдан шыққанын білесің бе? Өзің мұндай бидайды егіп көргенің бар ма? Болмаса, сатып алғаның бар ма? Қайда, қашан сатылғанын білесің бе? – деп, патша шалдан сұрайды. Шалдың құлағы ауыр, айтқан сөздерді азар естиді, әрең түсініп, зорға жауап береді. – Жоқ, мен мұндай бидайды егіп те, орып та, сатып алып та көргенім жоқ. Ә.Бөкейх. (Л.Толс.) * Кемпірдің құлағы ауыр екенін түсінген Қожекең тақалып отырды. Т.Әбд. ~ Ар жақтан Жайна киілікті де, Мұғал ішке ығысты. Құлағы ауырлау ол мына әйелдің не дегенін анық ести алмаған. Ө.Кәр.
