Posted in

ҚҰЛАҒЫ АШЫЛДЫ (ЖАРЫЛДЫ)

Ести бастады. ~ Сол мезетте Сәнияның құлағы тарс етіп ашылып кетті, дүние толған дыбыс екен, Сағаттың: — … сөзі не, өзі не! — дегенін естіді, бұл Құралай туралы әңгіменің соңы екенін түсінді. Ә.Тар. ~ Артында отырыпты, түндегі хабаршы жігіт тұмсығын созып әкеліп «бір түсінбестік болды» деді. Құлағы ашылыпты. Айтқан сөздерін анық естіді. Жауап қатпады. С.Нұғ. ~ Бір күні ұйықтап оянса, құлағы ашылыпты. Жаралы серіктерінің сөзін кәдімгідей естиді. Ө.Кәр. * Құмыра келіп, қаланың ортасындағы майданға шығып жар салғанда Жаратқан Иенің әмірімен халықтың көзі ашылып, құлағы жарылыпты. Т.Әсем.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *