Posted in

ҚҰЛАҒЫ ЕЛЕҢ ЕТТІ (ҚАҚТЫ)

Әлденеге құлағын тоса қойды. * Қыза-қыза қатты-қатты ысқырып жібергенімде астымдағы күрең жабының құлағы елең ете қалады. Т.Берд. * Сөйтіп елегізіп отырған күндердің бірінде дәлізде келі түйгендей дүңк-дүңк басқан әлдекімнің аяқ дыбысы естілді. Мұның құлағы елең ете қалды. Т.Сәу. * Сыр бойына Мақпал атты қыздың аты шығады. Ауыл- ауылды аралап қыз көріп жүрген серінің құлағы елең етті. З.Шүк. ~ Махаббат деп бастасаң — елең қағып құлағы Жұрттың бәрі қыз жайлы жыр екен деп ұғады. Ж.Нәж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *