Posted in

ҚҰЛАҚКЕСТІ ТЫНЫШТЫҚ

Ұшқан шыбынның ызыңы естілетіндей үнсіздік. * … жандәрмен бар даусымен айғайлағысы, әлдекімді дауыстап шақырғысы келеді. Үні шықпады, таскерең дүние, тасқа айналған адамдар, құлақкесті тыныштық. О.Бөк. * Ара-тұра аждаһадай абажа сарайдың құлақкесті тыныштығынан сергітіп, қансоқта соғыстың тылсым үрейінен бір сәтке болса да алаң қылатын сәби сүймедім-ау деп уайымдайды. Ә.Кек. * Елшілер асықпай басып шығып кетті. Сарайда құлақ кесті тыныштық орнады. С.Смат. * Дүние жүзіндегі ең таза, ең тыныш жер – осы айыртау сынды. Осындай құлақкесті тыныштықтан, елсіздіктен құсаланбай жалғыздан жалғыз жарты ғасыр, тіпті одан да көп уақыт ғұмыр кешкен Қоңқай шалдың ұрлық тірлігіне қайран қалуға болушы еді. О.Бөк. * – Тракторды сөндіреміз,– деп кесіп айтты Нұржан. Бұдан соң газдың тұтқасын төмен баса салды. аппақ саумал сімірген айналаны құлақ кесті тыныштық басты. О.Бөк. ~ Қыс бойы өзеннің мұзын, жылға-жылғаның табанын жол қылатын ел қар көшкіні мен атқы жүріп берсе қашан көк шыққанша тау – таудың қуысында құлақ кесті жатқаны. Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *