Қаперіне алған жоқ, айтылған сөзге мән бермеді, тыңдамады. ~ Жалынып – жалбарынса да, жыласа да бірде-бірін құлаққа ілмейміз. Естімеген кісі болып, үндемей жүре береміз. М.Әу. ~ Есі кеткен жігіттер шалдардың ел-жер, ертеңгі тіршілік жайында айтқан сөздерін құлақтарына ілер емес. Б.Тоғ.~ Осындағы атқа мінерлердің біразына жалындық. Сөзімізді жүре тыңдайды. Андып отырып, күнде әрқайсысының шылбырына ораламыз. Құлағына ілер ешкім жоқ. С.Жүн. ~ Сәбиім-ай, біреуің алып шықсаңшы! – деген ана даусын жанталасып жүрген жұрт құлағына ілмеді. Оның даусын абыржыған көпшіліктің айқай-шуынан ешкім естімеген. Ү.Жәл. ~ — Баянның басында әкеңнің құны қалған жоқ, етекке түс! — деп әлдекім ақырып еді, Махмұт құлағына да ілмеді оны. О.Бөк. ~ Жанар бұл мысқылды құлағына ілмеді, ағыла берді. М.Қаб. ~ Әкем ертеде берген уәдесін бұзбай, алысқан батадан аттағысы келмей, көпке дейін қызының қарсылығын құлағына да ілген жоқ. Б.Мом.
