Posted in

ҚҰЛАҚҚА ТҮРПІДЕЙ ТИДІ (ЕСТІЛДІ)

Дөрекілеу, жағымсыз естілген сөз. ~ «Байлардың малын тартып алып кедейлерге үлестіреміз» деген сөздері құлаққа
түрпідей тиеді, бұған не айтасың, Мұхамеджан? Б.Тоғ. ~ Тас боп, қатып ұйықтап қалған екен, ыңырсып жылаған дауыс құлаққа тағы да түрпідей тигені. Бөлме іші бүгін де қап-қараңғы. Елегізіп құлақ түрді. Н.Сам. ~ Құлаққа түрпідей тиетін даусымен бір, шашатын балшығымен екі мезі қылатын мотоциклдер жан ұшыра құйғытады. Н.Абд. ~ Он төрт күн де өте шықты. Қалтай Қарабалин кемпірі екеуі үйіне келді. Бірақ қақпа алдына келгенде құлағына түрпідей тиген сөз естіді. У.Қал. ~ Киносына да, театрына да барды, араламаған жері жоқ, ұл- келіннің пейіліне дән риза еді. Әттең, қайтар кездегі келіннің сөзі құлағына түрпідей тигені болмаса. Ә.Асқ. ~ Шаңқай түсте әуелеп ұшқан бозторғайлардың шартарапты тербеткен әсем қоңыр әні де құлағына түрпідей тиеді. C.Ом. ~ Әсіресе, өлім туралы айтқан сөздері құлағына түрпідей тиіп, қырсық шалдардың қасынан кеткенше асықты. Қ.Жұм. ~ Келеді, тек ниет болсын деңіз. Картиналарыңызды көргем талайлардың қолынан. – Ту…у, бір түрлі құлаққа түрпідей естіледі екен. Қ.Жиен.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *