Posted in

ҚҰЛАҚ ЖАРДЫ

Құлақ тұндырарлық қатты дыбыс туралы. * Дауыл кезінде сымнан ұзындығы бір таяқтай жалын ытқып тұрып жалын шыққанда құлақ жарарлық қатты тарсыл естіліп тұрған. А.Байт. ~ Келер сәтте астындағы кентаврдың басын Исаға бұрды. «Жекпе-жек!» — деп екіленген аттаны құлақ жарды. М.Қаб. ~ Сол-сол екен, паравоз құлақ жара бір шыңғырып, арсылдап ала жөнелді. Ш.Мұр. * Қайдағы бір қаудырлаған қамыс басынан ажал тауып қапы кетіп жатқандары. Манағы құлақ жарар ащы айғайлар тыйылған. Ә.Кек. * Бақырған дауысы құлақ жарған қара аю о дүниеге аттанып кете барды… С.Дос. * Аңшы мылтығы құлақ жара гүрс еткен. Қалың ақ шеңгелден жидек терген бір топ торғай әуеге дүркірей көтеріліп, қатты шошына алысқа бұлдыраңдай ұшты. Ж.Шағ. * Сол-ак, екен жан-жақтан түксие қоршап тұрған Тығырық тау осы ортадағы сары ала шатырдың төбесіне түгел жалп етіп құлап түскендей, бірдеңе құлақ жара оқыс гүрс ете қалды. Ә.Кек. * Бұлар аулаға кіре бергенде, Анатайдың үйінен құлақ жара ащы айқай шықты; ауладағы, сырттағы, жан-жақтан ағылып келе жатқан жұрт, үйден шыққан жылауға қосылып, жаппай еңкілдей бастады. Ш.Айт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *