Ісінен сөзі көп, аузымен орақ оратын сөзуар. * — Бір келсе, бұл жұмыс Құрбан қажылардан келеді, партия болған соң аяй ма? — деп, мына жақтан бір құла ауыз қоя берді. Ж.Айм. * Сырдан сығанақ өткен құла ауыз билері, нөкерлері тілдің майын ағызып, қанын тамызып, әңгіменің иін қандырып, пісіріп, түсіріп әкеліп, «тоқ етерін» байға естіртеді. Бай не мақұлдайды, не өз қалпына келтіреді. Ж.Айм. * – Танығанда қандай… Бәтуасыз жан, осы жақтағы құла ауыздың бірі. Жұмыс істегісі келмейді, самогон ішіп, көшеде сенделіп бос жүргені. Ә.Асқ.
