Орташа, ортақол, ел қатарлы. ~ Патша сонан ақыл сұрамақ болып, құба төбел киініп жаяу барса, ағаш егетін шұқыр қазып жатыр екен. Шәк. ~ Оның үстіне байдың болпаш баласы, сері жігіт болып, «көк төбел үйіміз бар, қаладағы перуайбаймыз» деп мақтанды. Соған нанып, Шəмші Тұмарбаймен қашып келген. Келсе – көк төбел түгілі, құба төбел үй де жоқ, боқтықтың арасында терезесі жылтыраған кең қора. Ж.Айм. ~ Адам баласы жасаған не бір кереметті күні бүгінге дейін құла төбел тірліктің күнделікті есебіне жатқызып, көзбен сүйсінгені болмаса көңілмен тамсанбай – ақ келеді, өтірікпен емес, өмірдің өзімен-ақ өзін-өзі алдап көрген емес, бәріне де құла төбел баға беріп, бәрін де құла төбел құнымен сатып алып жүр… Қ.Ысқ. ~ Ел қатарлы құла-төбел ғана тiрлiгi бар болатын. Мына «Аша тұяқ қалмасын!» деп, қамшы үйiрiп қара құйындай ұйтқыған ұраннан қазiрде шайқалмаған шаңырақ қалды ма? Т.Сәу.
