Айдала; бос жатқан жапан түз. ~ Қайта тентек жел күймелер мен жүктерді құла түзге бет-бетіне қуып әкетуі де мүмкін. Шөлдің есірік дауылы талай-талай керуендерді құм астына көміп те кеткен. Ә.Кек. ~ Сырғаның сылдырлаған даусыменен Жаңғырықты жапан дала, ен құла түз. Тоғайда қыздар шауып, қырдан құлап, Жарысып келе жатыр атты бұлап. Т.Әйім. ~ қалың дүсірге делебесі қозып алған атына ие бола алмай қалды ма, әкем «жаудың» дауылынан ықтай, беталды құла дүзге тарта жөнелді!.. С.Мұқ.
