Posted in

ҚҰЛА ТӨБЕЛ ТІРЛІК (ӨМІР)

Біреуден кейін, біреуден ілгері орташа ғана тұрмыс. * Асеке дейді-ау!.. Дейтұғындай “мисыз” басқа не қасиет қонышты?! Ac ішіп, аяқ босатқанның бәрі “еке” мен “секе” болса құла төбел тірліктің қамытын киетін мәңкөсе қалмайды да… Қ.Ысқ. * Дүнияда кетік бар, кемістік бар деп ойламаған бала көңіл алғаш рет қала деген тірліктен тауы шағылып, енді-енді талпына бастаған көкіректегі арман атаулыны тып-типыл өшіріп кетті де құла даланың таспадай қара жолы құла төбел ел өміріне қайта жетелеген. Қ.Ысқ. * Ел қатарлы құла төбел ғана тiрлiгi бар болатын. Т.Сәу. * Адам баласы жасаған не бір кереметті күні бүгінге дейін құла төбел тірліктің күнделікті есебіне жатқызып, көзбен сүйсінгені болмаса көңілмен тамсанбай – ақ келеді, өтірікпен емес, өмірдің өзімен-ақ өзін-өзі алдап көрген емес, бәріне де құла төбел баға беріп, бәрін де құла төбел құнымен сатып алып жүр… Қ.Ысқ. * Несі бар, шошқаға да бір мейрам дейтұғын, құла төбел тірліктен ол да қажымады деймісің. Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *