Көңіл қошы болмады, зауқы соқпады. ~ Әрине, мен Ақжүніске оқыту үшін біздің алфавитпен жазылған кітапты таба алмадым. Ал араб алфавитімен жазылған кітаптарды өзім де оқи алмайтынмын. Тіпті үйренуге құлқым да болмады. Енді ғой, міне, үйреніп жүргенім. Ә.Әл. ~ Бас хатшының көкейiнде: “Әй, найсап, өзiңнiң бықсытып жүрген пәлең емес пе бұл?” деген күдiк жылт ете түскен, бiрақ оны iндетуге құлқы болмады. Т.Сәу. ~ Жарқын қолы бір қалт еткенде қолжазбаның алғашқы тарауын аударыстырып көріп, ар жағын оқуға құлқы болмай қоя салған. Қ.Жұм. ~ Жергiлiктi басшылар алдында «Жарайды-жарайды» деп алып, артынан ұмытып кеткен. Немесе құлқы болмаған. Ш.Мұр.
