Posted in

ҚҰЛҚЫ (МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ) БҰЗЫҚ (ЖАМАН)

Имансыз, адамгершілігі жоқ, жамандыққа үйір адам туралы. ~ Бопты дейді Аббас хан – Жасын тақта жасаған, Күшігенге ұқсаған, Құлқы бұзық қақпас хан. М.Жұм. ~ Жаратылыстану ілімінде де, кәсіпте де артта қалған және мінез-құлқы бұзық адамдарға “жабайы”, пасық делінеді. БАҚ ~ Ғабит Мүсіреповтың осы жыр негізінде жасаған «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» пьесасында сараң малжанды Қарабайдың бейнесі жақсы көрсетілген. Құлқы жаман, ұлы жоқ Қарабай Қозыға қызын қимайды емес, түбінде малымды иемденіп кетеді, деп қорқады. С.Мұқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *