Берекесі кетті, азып-тозды. ~ Жыландай жымын жауып, жылжи келіп, Мойныңа оралатын шынжыр болып. Білетін қазақтардың ара жігін, Кететін ажыратсаң құн-жын болып. К.Мырз. ~ Қане, айтшы, дүние құн-жын болып жатқан мына күнде кіндік қаны тамған жерін, ет жақындарын тастап ит өлген жерге кімнің барғысы келеді? Н.Дәут. ~ Халық өзіне лайықты ел қамын жейтін еңіреген ерден басшы таңдап ала білмесе, онда ит көзі түтін танымас, белден соры бар ғұмыр кешеді, құнжын болады. Б.Қыд.
