Артынан іздеушісі, сұраушысы болмады; өлген адамның құны төленбеді. ~ Алқада сөз сөйледім шешіліп-ай, Өкпемнің таң қаларсың тесігіне-ай. Барады Тастемірің құнсыз кетіп Еріксіз кімді көрдің есігіңде-ай? М.Мөң. (“Айтыс”) ~ Ал құнсыз кету — арға сын, рудың абыройына нұқсан деп есептелген. Өйткені қазақ заңдары бойынша құл ғана — құнсыз болуы мүмкін. Қ.Даут. ~ — Қарағым Бәйкен! Бізге ақыл салғаның — азаматтығың. Осылайша сұраусыз, құнсыз кетеміз бе деген ой ішімізді жегідей жеп жүр еді. «Бәрі сендердің өкіметтеріңнің ісі» деп көрінген қатын көзге түртеді. Б.Тоғ.
