Posted in

ҚҰН ДАУЛАДЫ

Өлген адам үшін кінәлі тараптан айып төлеуін талап етті. ~ Бұл сөзді естіп, қарттың ұлының зәресі ұшып, құн даулаудан қашады. А.Байт. ~ Барымташылар құн даулап Әділ төреге жүгінген. Төре Қабанды шақыртып: «Құнын неге қайтармайсың?» – дегенде, ақын ойланбастан: Ұрыға құн жоқ, Ұрыға құн болса, момынға күн жоқ. Өзі ізденіп келіп, өлген немеге, Маған салсаң, дым жоқ! – деген екен. Б.Тоғ. ~ Қара қыпшақ Қобыланды Ақжол батырды өлтіргенде құн дауламай, қан даулап өре тұрғаныңды есіңе салайын. С.Смат.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *