Posted in

ҚҰП АЛДЫ

Көнді, келісті, ризашылығын берді. ~ Тіліне қу түлкінің тез алдандың, Ойламай таңдағыны, тез құп алдың. Тап-таза ат,
көркем көрік – бәрі кетіп, Өміріңше құтыла алмас отта қалдың. М.Жұм. ~ Бұл сөз Ақпанға командирінің бұйрығындай
шалынып, құп алды. М.Сүн. ~Үн-түнсіз сөз тыңдап тұрғандардың көпшілігі кенет соққан желдей гулеп, менің өтінішімді құп
алды. С.Ом. ~ Мұны Байбөрі құп алып, іштей қуанып: «Тілегің Тәңірінің құлағына шалынсын!» — деген. А.Сей. ~ Данайдың
сөзін құп алған қыздар бастарына бір-бір гүлтәж киіп, артылғанын білектеріне іліп, ауылға беттеді. Н.Қам.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *