Келіспеді, ризашылығын бермеді. ~ Бәтен қыз ерке еліктей бұлаңдаған, Ініге жар болуды құп алмаған. Сөзіне үлкендердің көнген бірақ, «Ақ бата», «ата жолын» бұза алмаған. Қ.Осп. ~ Ескілік салт-санадан алшақтау, орыстану. Әсіресе, қарттар жағы
Сатылғанның бұл мінезін құп ала қоймайды. Б.Соқ. ~ Әредікте жеңгелерімен бірен-саран сөз қағысып, мұңды күйде сұлық отырған Жәми даяшы жігіттің сыпайы өтінішін бірден құп ала қоймады. С.Ом.
