Жоғалды, құрып кетті. ~ Аясаң, мені ая, бар еңбегі құрдымға батқан, бар өмірі зая кеткен. Алаштың азаматына обал. Маған обал. М.Мағ. ~… өз қамын өзі жей алмайтын бейқам немелер ең болмаса аяқтарын сермелеп тыпырлауды да білмей әлдеқашан құрдымға батып кеткен шығар… Ә.Кек. ~ Осы жинақтың ең соңғы назалы күйін қайыратын Күдері ақынның бір күпті көңіл жыры бар: «Көздің жасы болды көл». Енесін жоқта ған жетім қозыдай, домбырасын күңірентіп, қайғықасірет кемесімен замана таршылығын – тістілердің тырнағында, суық қол ға тұлымдысын туратып, жемқорларға жем болып, қан жұтып зар жылаған, көз жасы көл қазақ халқының ғасыр бастауындағы аянышты тағдырын тебірене толғайтын сыршыл жүрек «жұлдыз ауып, ай мен күндер тұтылған», құрдымға батып, қарманар талы қалмаған, шығар жолды шырақ алып іздеуге де қайраны жоқ, «аждаһамен арпалысқандай» дертті жылдар шындығын – бәрінбәрін мейлінше дәл бейнелепті. З.Сер. ~ … шын сүйіспендіктің дәмін, балын жұтқан жігіттің ұлы гармония ырғағына ілесе алмай, бағытынан жаңылып, қиғаштай әлсіреп құрдымға батып бара жатқан … Д.Дос. ~ Жартыбай деген сіңірі шыққан сорлы бар еді, соның жалғыз сиыры мибатпақ тартпаға түсіп кетіпті. Шығарар бір пенде жоқ. Кемелбек зытып отырған. Ал қасқарау Сыдық болса сиыр шығарам деп жүріп, құрдымға батып өлер жәйім жоқ, деп шықпай қойыпты. С.Шәйм. ~ Иә, оны құтқару керек, жоқ, құтқару қажет оны! Құдай-ау, осыншама құрдымға бату, осының бәрін бастан кешіру, өз қолыңмен өзіңді-өзің тұншықтыру — неткен сұмдық! Дж. Голс.
