Posted in

ҚҰРДЫМҒА ЖІБЕРДІ

Құртты, көзден жойды. ~ Соған керісінше, советсіздендіру тұрғысындағы, озық болар, тозық болар, қайткенде де біршама қалыптасқан, өз орнында тұрған колхоз, совхоздарды тарату, жай ғана таратпай, алдымен бар байлығын талапай құрдымға жіберіп, қалған жұқанасын басшылық арасында бөліске түсіріп, әдепкі қара бұқараны кәсіпсіз, қорексіз қалдыру нәтижесінде туындаған, түптеп келгенде, бұл да қолдан жасалған құбылыс. М.Мағ. ~ Ұшып келе жатқан арғымақ үстінде екі адамды екі сілтеп бірден құрдымға жіберу кез келгеннің қолынан келер іс емес. О.Көш. ~ Білетіндер оны өте сақ адам деседі. Күрестің небір тәсілін меңгерген. Кейде қалам қарудан бетер өктем күшке ие боларын білемісің? Басқа білмесе де, оны мына сен білесің! Сенің әкең ұлтын құрдымға жібергісі келген қаражүрек! Қ.Әлім.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *