Жүрекке қатер ұялатып, белгісіз тұңғиыққа итермелегендей болды. ~ — Балапаным-ай, анаңнан бекер айырдым ба? Қоюлана берген қараңғылық құрдымға тартқандай көңіліне суық елес кіріп, денесі түршікті, — о, дүлей күш, толастасаң етті. Кәрі мен ажалыңа дайынмын, мына ұрпақты ая, ұрпақты, — деп назалана дауыстап жіберді. К.Жүн. ~ Өйткені, құрдымға тартып тұрған осынау қой көздер өзінен де күдер үздіртіп, өзгеден де күдер үзіп қарайды. Е.Әлім. ~ Ұлы кеудені ұрғылаған асау жүрек баяулай берді де, Сарыауыз ұйқыға бейімделді. Шаршаған сана талмаурап тіке құрдымға тартты. Ө.Кәр.
