Posted in

ҚҰРҚЫЛТАЙДЫҢ ҰЯСЫНДАЙ

Аядай ғана тар жер. ~ Үй іші тар, еңсесі пәс, құрқылтайдың ұясындай ғана еді. Енді суық күнде пеш жақпаса да ысып кетті. Сартап болған сағыныштың лептері ысытып жібергендей. Ш.Мұрт. ~ Әлдебір қиядағы құрқылтайдың ұясындай ғана өңірде жатқан қазақтан мұндай әлеуетті күтпеген әмір сасқалақтай абдырады. Ә.Ыбыр. ~ Аспан мен жер ортасында біраз ғұмыр кешірдім, Әлсіреген үміт отын мың жағып, мың өшірдім. Құрқылтайдың ұясындай қалтыраған бұтада, Жел аударған қара қосты әр төбеге көшірдім. Н.Айт. ~ Есіктен кіргеннен әлдебір тарғалаңдық сезіліп, тынысы тарылғандай болып еді, сөйтсе… жаңа аңдады, жатаған жаппаның іші құрқылтайдың ұясындай шағын болады екен. С.Үс. ~ Жаздыгүні жап-жасыл талдың басындағы құрқылтайдың ұясындай оңаша, жайлі бөлме. Бірақ көңіл құрғыр тыныш емес. Ж.Сәм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *